Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда коммуналдық қалдықтар бойынша мемлекеттік есептіліктің жаңа нысаны әзірленді.
Коммуналдық қалдықтар бойынша мемлекеттік есептіліктің сапасын арттыру мақсатында министрлік кімге беріліп, кімнен алынғаны туралы қалдықтардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін тұлғалардың деректемелері бар (БСН/ЖСН, жеке және (немесе) заңды тұлғаның атауы, қалдықтарды иеліктен шығару (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе т. б.) қалдықтарды түгендеу бойынша есептіліктің жаңа нысанын әзірледі, - деп жазды Премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.
Бүгінгі күні Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі коммуналдық қалдықтар бойынша мемлекеттік есептілікке тұрақты негізде талдау жүргізеді.
Осы талдау шеңберінде қалдықтардың мемлекеттік кадастрында қалдықтар бойынша есептілік ұсынбаған объектілердің операторлары, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын жосықсыз субъектілер анықталады.