Қалаға жету үшін Lexus көлігін айдап кеткен

18 Шілде 2022, 15:23
1224
Бөлісу:
Қалаға жету үшін Lexus көлігін айдап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ауыл тұрғыны қалаға жету үшін «Lexus» көлігін айдап кеткен деп хабарлады Pavlodarnews.

Қымбат көлікті Май ауданының 30 жастағы тұрғыны ұрлап кеткені анықталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 шілдеде Павлодар қаласының 48 жастағы тұрғыны өзінің «Lexus RX 330» көлігін айдап кеткені туралы арызбен жүгінген. 

Сағат 03.00-де темір тұлпар Павлодар ауданы Новочерноярка ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан ұрланған. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, автокөлік Павлодар қаласының Набережная көшесінен табылды, - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Ер адам өз кінәсін мойындады, ол көлікті қалаға жету үшін ұрлағанын айтқан. 

Автокөлік техникалық жарамды жағдайда иесіне қайтарылды, ал қаскүнемге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы