Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ауылдағы интернет байланысы қалай жақсаратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтарында 5G мобильді технология қолжетімді болады. Мыңнан астам ауылда 3G мобильді технологиясынан 4G мобильді технологиясына көшетін болады. 504 шалғайдағы ауылдық елді мекендер интернет желісіне спутниктік жүйелер арқылы қосылатын болады, - деді Бозымбаев.
Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, қолжетімді интернет байланыс саласындағы ұлттық жобаның шеңберінде қамтамасыз етіледі.
3 мыңнан астам ауыл талшықты-оптикалық желімен қамтамасыз етіледі. 100 мыңнан астам ауылда талшықты-оптикалық жергілікті желі салынатын болады. 40 мыңнан астам автожолдар сапалы автомобиль байланыспен және интернетпен қамтамасыз етілетін болады, - деді ол.
Еске салайық, Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектенов және оның орынбасарларының қатысуымен БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингі өтіп жатыр.
Бұған дейін Бектенов экономикалық өсімді сақтау үшін тапсырмалар берген еді.