Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз орталығы хабарлады.
20 шілдеде М. атты азамат ҚР Жоғарғы Сот ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды.
Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
М.-нің түсініктемесі бойынша ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында бүгінгі күні қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы болып шықты.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот М.-ді құқықбұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды.
Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.