Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл балаларға арнап қала сыртында 234 сауықтыру лагері ашылады.
Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Министірліктің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалардың сауықтыру лагерлерін қадағалауды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда 234 қала сыртындағы сауықтыру лагерін ашу жоспарланып отыр. Оның 18-і жыл бойғы және 216 маусымдық лагерлер, - деп атап өтті министр.
Белгілі болғандай, лагерлерге қойылатын талап күшті.
Олар сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Қазір 30 лагерь ғана қорытынды алды. Атап айтсақ, Ақмола -1, Ақтөбе - 4, Алматы - 6, ШҚО - 1, Жамбыл - 3, БҚО - 2, Қостанай - 1, Қарағанды - 1, Қызылорда - 8, Павлодар - 1, Түркістан - 1 облыстары және Алматы қаласында – 1 лагерьдің қорытындысы бар. Қорытынды алған сауықтыру ұйымдарының тізбесі ата-аналарға мәлімет үшін апта сайын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылады, - деді ведомство басшысы.