Қала күні: Тағы бір қала мерекелік отшашудан бас тартты

21 Шілде 2023, 09:17
871
Бөлісу:
Қала күні: Тағы бір қала мерекелік отшашудан бас тартты
Фото: BAQ.KZ - архив

Павлодар облысы орталығында соңғы рет осыдан екі жыл бұрын от шашу болған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрын тұрғындар маңызды мерекелерде, атап айтқанда Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, Жеңіс күні қарсаңында салют пен фейерверктерді тамашалай алатын. Соңғы уақытта отшашулар мүлдем жасалмайды. Оның себебін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева түсіндірді.

Соңғы рет қалада екі жыл бұрын салют атқан едік. Қазіргі мерекелік іс-шараларда отшашуды жасамаймыз. Себебі бұл экологияға үлкен зиянын тигізеді. Сондай-ақ тәттілерден шашу шашуды, шарларды аспанға ұшыруды тоқтаттық., – деді Светлана Гладышева.

Оның айтуынша, болашақта отшашу мен фейерверктердің қолданылуы қарастырылмайды. Қазір әр түрлі мерекелерде фейерверктердің орнына қауіпсіз суық отты пайдаланады.

Еске сала кетейік, 22 шілдеде Павлодарда қала күні аталып өтеді. Осыған орай облыс орталығында спорттық, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Кешкі концертте әйгілі қазақстандық жұлдыздар LUINA, «RINGO» тобы, «Ny-Za Band» музыкалық тобы өнер көрсетеді.

Бұған дейін Астанада қала күнінде отшашу өткізілмеді. Оның орнына қала мерейтойына орай дрондар шоуы болды.

Өзгелердің жаңалығы