Қала әкімі: Екібастұзда елуге жуық көпқабатты үй сусыз отыр

3 Желтоқсан 2022, 19:27
1751
Бөлісу:
Қала әкімі: Екібастұзда елуге жуық көпқабатты үй сусыз отыр

Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жедел штабтың қаланы жылумен қамту бойынша ағымдағы ахуалы туралы өткізген баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. 

Бүгінгі таңда аталған 28 үйдің 9-ына жылу жеткізілді. Ең алдымен жылу жертөлелерге берілді. Әрі қарай жылу тораптарында тиісті жұмыстар жүргізіліп, жоғары қабаттардағы пәтерлер де жылумен қамтылады. Осы 9 үйде үлкен жұмыс жүргізілді. Үйге жылу келетін желілерден бастап, үйдің ішіндегі құралдар да ауыстырылды. Түнгі уақытта жұмыс жүргізіліп жатыр, бұл жұмыстарды бір минутқа да тоқтатпаймыз, - деп атап өтті қала басшысы.

Айтуынша, 50-ге жуық көпқабатты үй сусыз отыр. 

Тағы бір айта кетерлігі, қазіргі уақытта 46 көпқабатты үй сусыз отыр. Ескеретін жайт, бізде (Екібастұз қаласында – ред.) су желісі жылу желісімен жер беті арқылы жүргізілген. Өкінішке қарай, су желілері де қатып жатыр. Ең бірінші мәселе – жылу желілерін қалпына келтіру. Одан соң су желісі де жөнделеді. Күту қажет, - деді Аян Бейсекин. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крик Екібастұзда әлі жиырма шақты үйге жылу берілмегенін айтқан болатын.

27 қараша күні Екібастұз қаласындағы жылу-электр орталығында орын алған апат салдарынан қала жылусыз қалған еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда жылу жүйесі қалпына келгенше қалатын болды.  

Өзгелердің жаңалығы