Қаһарман Оразалин жаңа қызметке ауысты

Қаһарман Оразалин Ақтөбе облысы ТЖД бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі 4 Қыркүйек 2024 2024, 17:05
4 Қыркүйек 2024 2024, 17:05
3702
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қаһарман Оразалин Ақтөбе облысы ТЖД бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұрын ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы қызметін атқарған полковник Қаһарман Оразалин Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Қаһарман Оразалин 1978 жылғы 9 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келген.

2000 жылы Шәкірім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2011 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірген.

Азаматтық қорғау органдарында 2007 жылдан бастап қызмет атқарады. 

Әр жылдары азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің аға офицері, ШҚО ТЖД әскери жұмылдыру және арнайы жұмыс бөлімінің бастығы, Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

Бұған дейін Павлодар облысы ТЖД бастығы тағайындалғанын хабарлаған едік.

Наверх