Қадір түнін мешітте қарсы алуға бола ма?

15 Мамыр 2020, 17:12
2170
Бөлісу:
Қадір түнін мешітте қарсы алуға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат жоқ. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

Осы ретте биыл Қадір түніне мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Бұл түнді үйде қарсы алу керектігін баса айтқым келеді. Мешіттеріміз ашылғанымен, күндіз, таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін ғана ашық болады. Жоғарыда атап өткенімдей, елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ, - деді бас мүфти.

Сонымен қатар, бас мүфти Рамазан айындағы қайырымдылық іс-шараларын атап өтті.

Қасиетті Рамазан айының карантин жағдайында өтіп жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Бұл жағдай сауапты амалдар мен игі шараларға кедергі келтірмеді. Мешіт тарапынан 100 мыңға жуық көмекке мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасалды. Ауызашар асы әлі күнге дейін тегін таратылуда. Сауаптар еселеніп жазылатын берекелі айда игі іске атсалысқан барша азаматқа айрықша алғысымды білдіремін, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы құлшылық жасауға келгендер мешітте қанша уақыт аялдай алатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы