Қабылданған заң биологиялық қауіп-қатердің алдын алуға мүмкіндік береді – Әшімбаев

28 Сәуір 2022, 12:36
1790
Бөлісу:
Қабылданған заң биологиялық қауіп-қатердің алдын алуға мүмкіндік береді – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. 

Отырыста биологиялық қауіпсіздік туралы заңдар қабылданғаны белгілі. 

Қабылданған заңдар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Бұрын елімізде биологиялық қауіпсіздік саласын құқықтық реттеуге арналған арнайы заң болған жоқ. Алдағы уақытта осы құжаттар елімізде биологиялық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк реттеудiң құқықтық негiздерiн қалыптастыруға, биологиялық қауіп-қатерді болжауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Сондай-ақ бұл заңдар биологиялық қауіпсіздік саласындағы іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуға өз үлесін қосады, – деді Мәулен Әшімбаев.

Аталған құжаттар биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқарудың үйлестірілген жүйесін құруға, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттердің айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторинг жасаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға арналған. Бұл заңдарда биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылымның басымдықтары мен бағыттары да айқындалды. Осы және басқа да жаңа нормалар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарында жазылған.

Өзгелердің жаңалығы