Қабанбай батыр мен Ұлы дала қиылысының учаскесі уақытша жабылады

22 Маусым 2024, 08:25
229
Бөлісу:
Қабанбай батыр мен Ұлы дала қиылысының учаскесі уақытша жабылады
Фото: gov.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 22 маусым сағат 00:00-ден 23 маусым сағат 07:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, осыған байланысты, көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы