Пышақ ұстаған әйел Гамбург вокзалының перронында 12 адамды жаралады

Германияның Гамбург қаласындағы бас вокзалда белгісіз әйел адамдарға пышақпен шабуыл жасады. 12 адамның жараланғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Bild  басылымы 24 Мамыр 2025 2025, 08:45
24 Мамыр 2025 2025, 08:45
756
Фото: Bild басылымы

Германияның Гамбург қаласындағы бас вокзалда белгісіз әйел адамдарға пышақпен шабуыл жасады. 12 адамның жараланғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Bild басылымының жазуынща, оқиға сағат 18:05 шамасында пойыз келе жатқан кезде платформада болған.

Жараланғандардың үшеуінің жағдайы мүшкіл, тағы үшеуі ауыр жараланған, алтауы жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендердің кейбіріне дәрігерлер тікелей пойыз вагондарында көмек көрсетті.

Полиция қызметкерлері 39 жастағы әйелді ұстады. Оның әрекетінің себептері әлі белгісіз.

Оқиғаға байланысты Гамбург станциясында пойыз қозғалысы тоқтатылды.

Наверх