Путинцева Бельгиямен матчта Қазақстан құрамасына алғашқы ұпай әкелді

8 Ақпан 2020, 05:35
1362
Бөлісу:
Путинцева Бельгиямен матчта Қазақстан құрамасына алғашқы ұпай әкелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Федерация кубогы аясындағы матчтың екінші ойынында турнирдің финалдық кезеңінде ойнау құқығы үшін бельгиялық Исалин Бонавентурадан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:6, 7:6, 6:2 есебімен Қазақстанның жеңісімен аяқталды.

Еске салайық, қарсыластың алғашқы матчында қазақстандық Зарина Дияс Элиза Мертенске есе жіберді.

Сенбі, 8 ақпанда Мертенс - Путинцева және Бонавентура - Дияс матчтары болады. Жұптық кездесуде қазақстандық дуэт Ярослав Шведов / Анна Данилина Кирстен Флипкенс / Гретие Минненмен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы