Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияның Лозанна қаласындағы Спорттық арбитраждық сот (CAS) Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларына, оның ішінде Президент Владимир Путинге алдағы екі жылда әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салды.
Бұл Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) пен Ресейдің допингке қарсы агенттігі(РУСАДА) арасындағы дау бойынша CAS үкімінен туындайды.
CAS шешімінде ірі жарыстарға қатысуға тыйым салу Ресейдің барлық жоғарғы басшылығына: министрлерге, олардың орынбасарларына, Премьер-министрге және оның орынбасарларына, мемлекеттік Думаның депутаттарына, сондай-ақ Мемлекет басшысына қатысты екендігі айтылған.
Тыйым салынған шенеунік жарысқа қатысушы елдің Президенті немесе Премьер-министрі жеке шақырған жағдайда немесе ол ХОК немесе Халықаралық паралимпиадалық комитеттің (ХПК) мүшесі болса ғана қатыса алады.
Бұл тыйым спортшыларға және олардың команда мүшелеріне қолданылмайды. Ресейдің Олимпиада комитеті Путинге қарсы санкцияларды қолайсыз деп атады.
Сот бұл шектеу шараларын егемен елдің басшысына дейін қолданады деп елестете алмаймын. Біз мұндай тәсілдердің жол берілмейтіндігі туралы ұстаным жасаймыз, - дейді Ресей Олимпиада комитетінің басшысы Станислав Поздняков.Айта кетейік, 17 желтоқсанда Спорттық арбитраждық сот (CAS) Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Ресейді халықаралық жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдаған. Мәскеудің допингке қарсы лабораториясы базаларды өзгерткен. Алғашында WADA Ресейді 4 жылға шеттеткен еді. Бірақ CAS жазаны жеңілдетті (2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін).