Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриевтің айтуынша, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф арасындағы жуырдағы кездесу жемісті болған, деп хабарлайды BAQ.KZ URA.RU-ға сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Нәтижелі кездесу, – деп жазды Дмитриев өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұл мәлімдеме Уиткоффтың америкалық Fox News телеарнасына берген сұхбатынан кейін жасалды. Сұхбатта арнайы өкіл Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастардың жаңа кезеңге өту мүмкіндігі туралы сөз қозғап, бұл өзара коммерциялық ынтымақтастыққа негізделуі мүмкін екенін атап өтті.
Сонымен қатар ол Украина мәселесін шешу халықаралық қауымдастық үшін маңызды өзгерістер шегінде тұрғанын айтты.
Стивен Уиткоффтың Ресейге сапары 11 сәуірде өтті. Ол Санкт-Петербургтегі Президент кітапханасында Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен кездесті.
Келіссөздер 4,5 сағатқа созылып, оған Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков пен Қор басшысы Кирилл Дмитриев те қатысты.