Путин РФ Үкіметін басқаруға кім лайықты екенін айтты

16 Қаңтар 2020, 05:30
1489
Бөлісу:
Путин РФ Үкіметін басқаруға кім лайықты екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Федералды салық қызметінің басшысы Михаил Мишустинді РФ Үкіметінің басшысы лауазымына тағайындау үшін оны Мемлекеттік Думаның қарауына ұсынды. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Владимир Путин Федералды Салық қызметінің жетекшісі Михаил Мишустинмен жұмыс кездесуін өткізіп, осы кездесу барысында оған Үкімет басшысының лауазымын ұсынды. М.Мишустиннің келісімін алған соң президент оның кандидатурасын Мемлекеттік Думаның қарауына ұсынды, делінген Кремльдің хабарламасында.

Мемлекеттік  Дума Михаил Мишустиннің кандидатурасын 16 қаңтарда өтетін пленарлы отырыста қарастыратын болады. 


Өзгелердің жаңалығы