Путин Ресей Қазақстанды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етуге ниетті екенін айтты

9 Қараша 2023, 15:29
1205
Бөлісу:
Путин Ресей Қазақстанды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етуге ниетті екенін айтты
Фото: Ақорда

Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанды азық-түлік өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ете алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Путин екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласындағы өзара сауда және инвестициялық алмасулар артып келе жатқанын айтты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы менімен келіседі деп ойлаймын. Аграрлық сектордағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту Ресейдің де, Қазақстанның да экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі, – деді ол.

Путин Ресей Қазақстанға бидай сияқты тауарлық өнімдердің негізгі жеткізушісі екенін айтады. Дерегінше, құс еті – 80-90%, қант – 70% дейін, ашытылған сүт өнімдері – 60-70% Қазақстанға экспортталып отыр.

Жалпы, 2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің екіжақты тауар айналымы 22 пайызға артып, төрт миллиард долларға жетт. Ал биылғы жылдың алғашқы жеті айында тағы үш пайызға өсті. Ал біздің еліміз Қазақстан нарығын үздіксіз қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр, – деді Ресей президенті.

Сондай-ақ ол Ресей Қазақстанның сұранысына байланысты жеткізуге дайын екенін айтты.

Еске салсақ, бүгін таңда Ресей басшысы Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ақордада қарсы алды.

Екі ел президенттері Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысып жатыр.

Бұған дейін форум барысында Тоқаев ресейлік кәсіпкерлерге халал өнімді экспорттауға шақырды. Сонымен қатар Президент ЕАЭО-ның әлеуеті жайлы айтты.

Өзгелердің жаңалығы