Путин мен Трамптың қашан кездесетіні белгілі болды

19 Ақпан 2025, 16:40
665
Бөлісу:
Путин мен Трамптың қашан кездесетіні белгілі болды
Фото: White House / Shealah Craighead

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ лидері Дональд Трамп ақпан айының соңына дейін немесе одан кейін кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Песковтың айтуынша, Путин мен Трамптың кездесуі үшін алдымен Ресей Сыртқы істер министрлігі тарапынан белгілі бір дайындық қажет.

Қазіргі менің негізгі міндетім – алдымен екіжақты қарым-қатынастарды қайта жандандырып, содан кейін қалпына келтіру. Кешегі талқылау да осы туралы болды. Бұрынғы АҚШ әкімшілігі бұл қарым-қатынастарға әдейі нұқсан келтірді, ал қазір олардың жағдайы өте ауыр, - деді Песков журналистерге.

Сондай-ақ ол Ресей президенті Владимир Путин Украина мәселесі бойынша келіссөз жүргізушіні АҚШ-тың шешіміне қарай тағайындайтынын айтты.

Алдымен америкалық тарап бізге Украина мәселелері бойынша негізгі келіссөз жүргізушісінің кім болатынын хабарлайды. Содан кейін АҚШ өз өкілін ұсынған соң, біздің президентіміз де соған сәйкес өзінің өкілін таңдайды, - деді Дмитрий Песков.

Айта кетейік, 18 ақпанда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегациялары келіссөздер өткізді. БАҚ-тың хабарлауынша, Ресей мен АҚШ үш кезеңнен тұратын бейбіт жоспарды ұсынды. Бұл жоспарға соғысты тоқтату, Украинада сайлау өткізу және түпкілікті келісімге қол қою кіреді. Сонымен қатар, Мәскеу мен Вашингтон Украинадағы сайлауды реттеу процесінің негізгі шарттарының бірі ретінде қарастырып отырғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы