Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың динамикасы болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Оның мәліметінше, бірінші жартыжылдықта екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 20%-ға өскен.
Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының динамикасы бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Пандемия тауар айналымын 4-5%-ға қысқартқанына қарамастан, бірінші жартыжылдықта өсім 20%-ға жуықтады, дәлірек айтқанда 18%-дан асқан, – деді Путин Кремльдегі кездесу кезінде.Путиннің айтуынша, бұл көрсеткіш екі елдің осы бағытта ғана емес, басқа салаларда да жақсы дами түсетінін айқындайды.
Кремльде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр.
Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың перспективалары мен өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.