Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасады. Ол бүлікке кінәлілердің барлығы сөзсіз жазаға тартылатынын айтып, заң мен халық алдында жауап береді деді, деп жазады BAQ.KZ.
Әдейі сатқындық жолына түскен, қақтығыс жасаған, бүлік жолына және лаңкестік әдіске барған әрбір адам сөзсіз жазаға тартылады, заң алдында және халқымыз алдында жауап береді, - деді Путин.
Оның айтуынша, билік Ресейдің екіге бөлінуіне жол бермейді. Сондай-ақ Путин Ресейге 1917 жылғы тарихи оқиғадан сабақ алғанын айтып, мұндайға жол бермейтінін атап өтті.
Біз мұның қайталануына жол бермейміз, біз өз халқымызды да, мемлекеттігімізді де кез келген қауіп-қатерден сақтаймыз, - деді Ресей президенті.