Путин Армения мен Әзербайжанның Сыртқы істер министрлерін шақырды

9 Қазан 2020, 09:05
1556
Бөлісу:
Путин Армения мен Әзербайжанның Сыртқы істер министрлерін шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения және Әзербайжан Сыртқы істер министрлері 9 қазанда Ресей Федерациясына Қарабақ бойынша консультация үшін шақыртылды, деп хабарлайды РИА Новости Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Сыртқы істер министрінің бітімгершілігі аясында Әзербайжан және Армения СІМ 9 қазанда Мәскеуге осы мәселелер бойынша консультация өткізуге шақыртылды, - делінген хабарламада. 
Сондай-ақ бейсенбі кеште РФ Президенті Владимир Путин әскери қақтығысты тоқтатуға шақырды.
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев және Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен бірнеше рет телефон арқылы сөйлескеннен кейін РФ Президенті Таулы Қарабақ қақтығыс аймағында гуманитарлық ниетпен қайтыс болғандардың денесін және тұтқындарды бір-біріне беру мақсатында қақтығысты тоқтатуға шақырды, - деп жазылған хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы