Пусанда Қазақстан – Корея бизнес форумы өтті

17 Қараша 2023, 00:37
564
Бөлісу:
Пусанда Қазақстан – Корея бизнес форумы өтті
Фото: скрин

Дрондар шығару, сирек кездесетін металдар өндіру және сутегі энергиясын дамыту. Пусан қаласында өткен Қазақстан-Корея бизнес форумында екі елдің бизнес өкілдері осындай бірқатар ауқымды жобаны талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиын Алматы мен Пусан қалалары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 1 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оған Пусан экономикалық даму агенттігі мен Қазақстанның Бас консулдығы ұйытқы болды.

Өте қызығушылықпен келдім, мына өндіріс саласын дамытуға, өндіріс ашуға Қазақстанда, өзімізде және құрылыс саласын дамытуға. Үлкен тәжірибе алуға болады деп ойлаймын, - дейді кәсіпкер Серік Теміртасов.

Пусан әлемдегі логистиканы дамытуда көшбасшылардың бірі болғандықтан, Қазақстанмен осы саладағы ынтымақтастық басым бағыт болып табылады. Біз сондай-ақ жоғары технологияларды, атап айтқанда, көміртегі, бейтарап сутегі энергиясын өндіруді бірлесіп дамыта аламыз. Және біз медициналық технологиялармен алмасып, медициналық жабдықтарды бірлесіп жасай аламыз, - деді Пусан қ. Экономикалық даму агенттігінің департамент басшысы Ким Дже Габ.

Өзгелердің жаңалығы