Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда отбасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынасты қалыптастыру аясында Қазақстан әйелдері қауымдастығы мен ҚР-дағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясының қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысу үшін психологтардың біліктілігі арттылып жатыр.
Жобаның үйлестірушісі, «Келешек» психологиялық орталығының директоры Наталья Семененконың айтуынша, жоба карантинге дейін басталды.
Осы арада көп дүние өзгерді. Қазір отбасыларда еркін қарым-қатынасты қолдайды. Пандемия кезінде АҚШ-тағы серіктестетерімізбен бірге психологтарды оқытатын «Келешек» орталығын таңдадық. Олардың бағдарламалары бізге ұнады. Себебі жұмыс істеген жұптардың 80 пайызы өздерінің отбасысын сақтап қалды,- деді ол.
Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық әлеуметтік проблема болып табылады.
Осы кезге дейін көп түсініспеушіліктер де болды. Бұл әлеуметтік проблеманы экономикалық, психологиялық және зиянды заттарды қолданумен де байланыстырады. Сондай-ақ мектеп пен отбасындағы педагогикалық тәрбиенің жетіспеушілігі де зорлық-зомбылыққа алып келеді. Агрессорлардың өздері де құрбан. Олар жазалау мен ағартушылыққа ғана емес, психологиялық көмекке де мұқтаж болады. Осы проблемаларды сарпалай отырып, көп жыл бойы жұмыс істеп жатқан орталықты таңдадық, - деді ол.Наталья Семененконың айтуынша, дағдарыс орталықтарының өкілдері әйелдер дағдарыс орталығынан кейін де агрессор күйеуі бар отбасына қайтып баратынын айтты.
Дағдарыс орталығында демалыста сияқты болып, бұрынғы қарым-қатынасқа қайтып барады. Сол үшін де оқытуды жүзеге асыру керек. Психология факультеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеуді үйретпейді. Бұл жобаға қосылған ғалымдар мен зерттеушілер 36 ЖОО психологтарды оқытып шығаратынын айтты. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесімен жұмыс істеуге тек 2 сағат қана бөлінеді, - деді ол.
Семененко тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір құрбаны психологқа келгенде дау, ұрыс-керіс уақытша ғана тоқтайтынын айтады.
Ал отбасының барлық мүшелерімен жұмыс істесе, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге болады. Бағдарламаладан өткен еркектердің өзі өздерінің өзгергенін, бұрын бұл жайттарды түсінбегенін айтып жеткізді. Бағдарлама 6 айға созылады. Соның ішінде құрбан агрессормен үш ай кездеспейді, - деді ол.
Семененко атағандай, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 4 түрі бар.
Экономикалық, физикалық, психологиялық және сексуалдық. Психологиялық зорлық-зомбылықты дәлелдеу өте қиын. Оқыту кезінде мамандар психологиялық зорлық-зомбылықты анықтау қиын болса да, одан қалған әсер өмір бойына қалып қоюы мүмкін. Экономикалық зорлық-зомбылықта агрессор қаржылық қадағалауды арттырады, - деді ол.
Маман айтқандай, орталықта зорлық-зомбылықтың басқа да түрлерін қарастырады.
Өкінішке қарай, жұптар бір-біріне дөрекі сөздер айтады. Зорлық-зомбылық осыдан басталатынын ұмытпау керек. Шамадан тыс бақылауда ұстауды көп қыздар «менсіз өмір сүре алмағандықтан» осылай істейді деп ойлайды. Бұл махаббат емес, зорлық-зомбылық екенін білу керек, - дейді ол.
Ол қағазбастылыққа қатысты да зорлық-зомбылық бар екенін айты.
Агрессор үнемі оған арыз беріп, жұмыс істейтін орнына барып, үнемі айыптау мен жалған оқиғаларды телу арқылы соңына түседі. Зорлық-зомбылықтың тағы бір түрі бұл – кибебуллинг. Онлайн арқылы құрбанын қорқыту, үнемі қорқыныш сезімін ұялату арқылы жүзеге асырылады, - деді ол.
Семененко айтып өткендей, қазір психологтар да қорғалмаған.
Сотта психологтің барлық мекенжайы мен жеке мәліметтер болғандықтан, ол сотқа қатысушылар тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Ал оларды қорғайтын нақты заң жоқ. Психологтар құрбандармен әңгімелесу кезінде өздерінің толық қорғалмағандығын, әлсіз екенін байқап жатады. Сондықтан оларға да арнайы білім мен білік қажет, - деді психолог.