Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты (Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық) ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисімен бірлесіп, тәуелсіз сарапшы Айгүл Шәкібаеваның қатысуымен «Психикалық ауытқулары бар адамдардың құқықтарына қатысты заңнаманы және қолданыстағы құқық қолдану практикасына мониторинг жүргізу» жобасын іске асырды.
Жоба нәтижелері бойынша А.Шәкібаева «Мемлекеттік медициналық және әлеуметтік мекемелердегі денсаулығында ментальдық ауытқулары бар азаматтардың құқықтық жағдайы» тақырыбында баяндама дайындады, ол Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтында жарияланды.
Баяндамада арнаулы әлеуметтік мекемелерде және психиатриялық емдеудің медициналық орталықтарында тұратын денсаулығында ментальдық ауытқулары бар адамдардың құқықтарын және әрекетке қабілеттілігі мен жергілікті қоғамдастықта өз бетінше өмір сүру құқығын сақтауға қатысты жағдай сипатталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар қамтылады.
Дайындалған баяндама тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия үшін денсаулығында ментальдық ауытқулары бар азаматтардың құқықтарын сақтаудың бірінші және бірден-бір талдауы екенін атап өту қажет.