Бұл туралы Талғар ауданында жасалған қылмыстың тергелу жағдайына арналған баспасөз конференциясында Алматы облысының прокуроры Берік Адамов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Бізге әділ әрі объективті тергеу жүргізу қажет. Кәмелетке толмаған Болат Шерзаттың өлімі бойынша тергеу қарқынды жүріп жатыр. Біздің тарапымыздан тергеу іс-шараларының заңдылығы мен толықтығы, сондай-ақ объективті қадағалауы қамтамасыз етіліп жатыр. Тергеу сатысында ешқандай заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Сот процесінің ашықтығы жөніндегі мәселе бойынша прокуратура сотқа өтініш хат енгізуді қарастырады, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін баспаөз конференциясында оқиғаның толық видеосы көрсетілген еді.