Өзін прокуратура қызметкерімін деп таныстырған алаяқ сотталды

5 Ақпан 2019, 11:25
2807
Бөлісу:
Өзін прокуратура қызметкерімін деп таныстырған алаяқ сотталды

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында алаяқтық жасағаны үшін Алматы қаласының тұрғынына қатысты  сот үкімі шықты.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес 26 жастағы ер адам бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт іздеуде болған. Ол 2018 жылдың қыркүйек айында ұсталды. Анықталған фактілер бойынша тергеу амалдарын облыстық тергеу басқармасы жүргізді. Алаяқтан зардап шеккендерге келтірілген шығын 23 миллион теңгені құрады.

«Тергеу материалдарына сәйкес сотталушы 1993 жылы туылған Әлішер Қалмақұмбетов өзін прокуратура қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілерге олардың туыстарын қылмыстық жауапкершіліктен босатамын деп уәде берген. Олардан ірі көлемде сыйақы алып отырған. 2017 жылы ол бірнеше рет алаяқтық жасаған, яғни аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ұрлағаны анықталды. Жәбірленуші ретінде тергеу амалдары кезінде үш жергілікті тұрғын сөз сөйледі. Сот процесі барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады», - деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкіміне сәйкес сотталушы таяудағы бес жылын жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізеді. 
Өзгелердің жаңалығы