Прокуратура қызметкері жоғалған баланы тапты

28 Сәуір 2023, 12:25
677
Бөлісу:
Прокуратура қызметкері жоғалған баланы тапты
Фото: egemen.kz

Осы жылдың сәуір айының басында Астана қаласында кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткен, ол үйден кітап дүкеніне шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

«LIDER.KZ» волонтерлерінің баланы 2 тәуліктен артық іздеу туралы хабарламасына бей-жай қарай алмаған Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Жан Мұрат жолдасымен бірге көмекке шыққан. 

Елорданың Алматы және Байқоңыр аудандарының қоғамдық пайдалану орындарын (қоғамдық тамақтандыру, компьютерлік клубтар, мешіттер және т.б.), қараусыз қалған ғимараттарды, қоқыс жәшіктерін, арықтарды аралап, екі сағат бойы сәтсіз іздеуден кейін Мұрат Ж. қаланың сол жағалауына барып, іздеуді жалғастырған. 

Достық көшесімен түнгі сағат 04:40 шамасында жүріп, ол сипаттамаға сәйкес келетін балаға назар аударады. Барлық жағдайларды нақтылағаннан кейін, бұл жоғалған бала екені белгілі болды. Әрі қарай Мұрат Ж. баланы полиция қызметкерлеріне тапсырған, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы