Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурор Берік Асылов Қазақстан прокуратурасы тарихының маңызды кезеңдеріне, оның тәуелсіздік жылдарындағы ел жетістіктеріндегі рөліне және құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі үлесіне тоқталды.
Ведомство басшысы прокуратура тарихында із қалдырған көрнекті тарихи тұлғаларға: алғашқы әділет халық комиссары Шафхат Бекмұхамедовке, Мырзағұл Атаниазовқа және Нығмет Нұрмақовқа, Қазақ КСР-нің бірінші прокуроры Сүлеймен Есқараевқа, Асабай Мамытовқа және Петр Кудрявцевке, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның прокурорлары: Мақсұт Нәрікбаевқа, Степан Шуткинге, Юрий Хитринге, Рәшид Түсіпбековке, Қайрат Мәмиге және тағы басқаларға құрмет көрсетті.
«Әрине, біздің тарихымыздың тамыры терең. Біз өткеннің даңқты беттерімен және қадағалау қызметінің үздік өкілдерімен мақтанамыз. Біз үшін олар кәсіпқойлықтың үлгісі және мақтаныштың үлгісі болып қала береді. Олардың әрқайсысы Тәуелсіз Қазақстан прокуратурасын нығайтуға елеулі үлес қосты», - деді Бас Прокурор.
Ұжымды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, Берік Асылов ағымдағы жылдағы, оның ішінде прокуратура органдары тарихындағы жаңа тараудың бастамасы болған атаулы оқиғаларға назар аударды.
«Жаңа «Әділетті Қазақстанды» құруға үшін барлық мемлекеттік аппаратты қайта жаңғырту, құқық қорғау және сот жүйелерінде реформалар жүруде».
Ағымдағы жылғы 5 қарашада прокурорлардың өкілеттігі мен қадағалау шеңберін айқындап берген «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң қабылданды.
Жыл сайын прокурорлар өз бастамасымен және келіп түскен сигналдар бойынша мыңдаған азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың еңбек, тұрғын-үй құқықтарын және басқа да заңды мүдделерін қалпына келтіреді. Қазынаны миллиардтаған сомамен толықтырады және бюджеттің орасан зор шығындарының алдын алады.
Бұл ауданнан бастап орталық аппараттағы қызметкерлердің күнделікті, тыңғылықты жұмысының нәтижесі.
Ол сондай-ақ әріптестеріне борышқа шын берілгендігі және адалдығы үшін алғысын білдірді, прокуратура органдарының алдында тұрған қоғам өмірінің барлық салаларында азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін одан әрі күшейту жөніндегі міндеттерді еске салды.
Соңында Бас Прокурор ұжымды және ардагерлерді прокуратура органдарының мерейтойымен құттықтап, денсаулық, жұмыстарына табыс және отбасылық амандық тіледі.
Кәсіби мереке құрметіне Бас Прокурордың бұйрығымен мінсіз қызметі мен міндеттерін үлгілі орындағаны үшін прокуратура органдарының 461 қызметкері марапатталды.