Медициналық сақтандыру қорына қаражат аудармаған 76 жұмыс беруші анықталды

23 Желтоқсан 2019, 14:20
3930
Бөлісу:
Медициналық сақтандыру қорына қаражат аудармаған 76 жұмыс беруші анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаражат аудармаған 76 жұмыс берушіні анықтады, деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы. 

ҚР "Міндетті медициналық сақтандыру туралы" заңына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің еңбек денсаулығын сақтау мүддесіне орай қорға жұмыскердің кірісінен 1,5% көлемінде қаражатты ай сайын аударуға міндетті.

Алайда, жұмыс берушілер тарапынан 452 қызметкерге аударымдар жүргізілген жоқ. Алмалы ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жұмыскерлердің денсаулығы үшін қорға 1,6 млн теңге аударылды. Кінәлі тұлғалар жазаланды. Жұмыс берушілерге жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын бұлжытпай орындау қажеттілігі туралы түсіндіріледі, - делінген ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы