Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасы жанындағы бірлескен ұтқыр топтармен 76, оның ішінде әкімшілік қудалау аясына заңсыз түскен 10 бизнес субъектісінің құқығы қорғалды.
Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.Атап айтқанда, «Елгезек» қонақ үй кешенінің өтініші негізінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің кәсіпкерге қатысты қозғаған әкімшілік хаттамасы кінәнің дәлелденбеуіне байланысты қысқартылды.
Осыған қоса мемлекеттік мекемелердің бизнес субъектілері алдындағы міндеттемелерін орындамаудың 17 фактісі анықталды. Мысалы, прокурорлар араласқаннан кейін мектепке дейінгі білім беру мекеменің 6 жеткізуші алдындағы 2 млн теңгеге қарызы өтелді, - делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Бұл ретте бақылау органдары тарапынан құқықтары бұзылған жағдайда, бизнес субъектілерін прокуратура органдарына арыздануға шақырамыз.
Ұтқыр топтардың байланыс деректері Қарағанды облысы прокуратура органдарының ведомстволық сайтында жарияланған.