Прокуратура білім беру қызметкерлерінің құқығын қорғады

4 Қазан 2023, 11:13
554
Бөлісу:
Прокуратура білім беру қызметкерлерінің  құқығын қорғады
Фото: Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы

Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл ауданның білім беру ұйымдарының 1 432 қызметкеріне жалпы сомасы 25 млн теңгеге міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері аударылмағандығы анықталды.

Аталған заңбұзушылық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау бойынша талдау жүргізу барысында анықталды.

Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылды, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешек өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Еңбек заңнамасының талаптарын бұзуды алдын-алу мақсатында, аудан прокуратурасымен еңбек ұжымдарының, аудан басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау - прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы