Прокуратура араласуымен ірі жер учаскесі мемлекетке өтті

Нұра ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған 2391 гектар ауыл шаруашылығының жер учаскесін анықтап, мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Артём Чурсинов  - архив 29 Мамыр 2025 2025, 18:12
29 Мамыр 2025 2025, 18:12
702
Фото: - архив

Нұра ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған 2391 гектар ауыл шаруашылығының жер учаскесін анықтап, мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудан әкімінің өкімі мен аудандық Жер қатынастары бөлімімен жасалған келісім негізінде жер 20 жыл мерзімге шаруа қожалығына жалға берілген. Алайда, 2012 жылдан бері бұл жер өз мақсатына сай пайдаланылмай келген.

Прокуратура жүргізген талдау барысында пайдаланылмай жатқан жердің кадастрлық құны 4,78 млрд теңгені құрайтыны анықталды.

Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижелері бойынша жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды және басқа жер пайдаланушыларға беріледі.

Наверх