Прокуратура 19 азаматтың сайлау туралы заңды бұзғанын растады

19 Наурыз 2023, 20:40
1042
Бөлісу:
Прокуратура 19 азаматтың сайлау туралы заңды бұзғанын растады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин «Сайлау-2023» онлайн марафонында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Прокуратура органдары конституцияға сәйкес, сайлау туралы заңнаманың сақталуын қадағалау бойынша барлық шара қабылдауда. Бүгін сайлау процесіне қатысушылар мен заңнама талаптарының және азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз қамтамасыз ету біз үшін жұмыстың басты мақсаты болып отыр. Тәртіп бұзу туралы келіп түскен әрбір хабарлама мұқият тексеруден өтіп жатыр, – деді ол.

Прокуратура 19 азаматтың сайлау туралы заңды бұзғанын растады

Оның дерегінше, қазіргі таңда 19 тұлға «ҚР сайлау туралы конституциялық заңды» бұзғаны расталған. Олардың 12 азамат басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлау қағаздарын бергені үшін айыпталып отыр.

5 факт басқа сайлаушы үшiн дауыс берумен ұштасқан. Олар бойынша тең сайлау құқығы туралы талапты бұзған азаматтардың жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 108-бабы бойынша шешілуде. Тағы 2 факт – тыйым салынған кезеңде, яғни бүгін сайлау алдындағы үгіттің жүргізілуі. Олар Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орын алған. Бұл әрекеттер Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 102-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды, - деді Сарғазин. 

Алматы облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Жетісі обылысында - 1 және Алматы қаласы, Шымкент қаласы және Жамбыл облысында бір-біреуден.

Кінәлі сайлау комиссияларының мүшелері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, – деді Азамат Сарғазин.

Өзгелердің жаңалығы