Профилактикалық іс-шара кезінде 23,5 мың жасөспірім полицияға жеткізілді

17 Мамыр 2025, 17:41
528
Бөлісу:
 Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

10 сәуірден бастап өткізілген республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицияға 23,5 мың кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 124 жасөспірім құқық бұзушылық, ал 18,5 мыңнан астамы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ұсталған.

Сондай-ақ рейд барысында 5,2 мың қараусыз бала анықталды, 853 жасөспірім бейімдеу орталықтарына орналастырылып, оларға психологиялық және әлеуметтік қолдаукөрсетілді, - делінген мәліметте.

Жалпы 26 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді, соның ішінде 3 мыңға жуығы – бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналар тарапынан болған.

Өзгелердің жаңалығы