Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кей аймақта көп жылдан бері өзен, көлдердің түбі тазартылмайды. Ол тазаланбаса, ол көгеріп, жойылып кетеді.
Егер волонтерлар су қоймаларын тазартуға көмектессе, қалдықтарды жинауға жәрдемдесе алады. Волонтерлар арқылы осы сынды проблемаларды шешуге болады.
Мұндай пікірді Қазақстанның экологиялық қауымдастығы ұйымдары төрағасының орынбасары Елдос Абақанов айтты.
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Волонтерлар жылы аясында іске қосылған "Біз біргеміз!" жалпыұлттық жоспары аясында экологиялық волонтер дамыту бойынша жеке бағыт бар. Бүгінгі шараға келген Экология министрілігінің Павлодар облысы бойынша эко-елшісі Юрий Гашек көп жылдар бойы кәсіби түрде елдегі орман шаруашылығымен, ағаш отырғызумен айналысып жүр. Біріншіден, біз мектептерден бастап экология негіздеріне оқытатын болсақ, бұл болашақта қоршаған ортаға ерекше қарайтын азаматтар пулын жасақтауы мүмкін. Біздіңше, осы сынды экологиялық сағаттар бір реттік акция емес, жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек, - деді Абақанов "Дара" бизнес мектебінде өткен эко-сабақтан кейін журналистерге.
Елдос Абақановтың айтуынша, балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттыру үшін экология элементтерін мектептегі бірнеше пәннің оқу бағдарламасына енгізу керек.
Экология элементтерін әртүрлі математика, физика сынды пәндерге енгізу қажет. Егер де химия, математика, астрономия сабақтарын алсақ, осы салаларды ежелгі гректер алдымен су, ауа мен отты зерттеуден бастаған. Осы сияқты бізге де енгізуге болар еді. Сондай-ақ, ірі қалалардың қоқыстануы, қалдықтардың көп қалуы қалалық ортаға әсер етіп, қалаларда өмір сүрудің жайлылығын төмендетеді. Екіншіден, елді жасылдандыру бойынша дұрыс абаттандыру жұмыстарын жүргізу керек. Климаттық ерекшеліктерді ескерсек, бізде 2-3% орман массиві болса, қалғаны ен даладан тұрады... Экологиялық проблемалар туралы айтатын болсақ, климаттың өзгеруіне орай бейімделу қажет. Орман алқаптарының саны мен көлемін арттыру қалаларда ауаны тазартуға, далада жер ресурстарының деградациясымен көмектеседі. Орманды республикалық деңгейде дамыту экологиялық жүйелерді дамытуға мүмкіндік береді. Климаттың өзгеруіне байланысты жыл сайын орман өртінің саны өршіп тұр. Сондай-ақ, ол жануарлар мен шөп әлеміне орасан кері әсерін тигізеді. Оған қоса, ресурстарды үнемдеу мәселесі де бар. Егер де біз табиғи ресурстарды үнемдеуді жаһандық деңгейде қарастыратын болсақ, сарапшылардың бағалауынша, 2050 жылға қарай Орталық Азия аймағы климаттың өзгеруінен қатты зардап шегуі мүмкін. Себебі, 8 градусқа дейін күн жылынуы мүмкін. Бұл судың шамадан тыс тасуы мен климаттық мигранттардың көбеюіне әкеп соғады, - деді маман.
Сонымен қатар Елдос Абықанов еліміздегі Волонтерлар жылы аясындағы эко-волонтерлардың маңыздылығына тоқталды.
Эко-волонтерлар ішінде де білімі бар. Олар қалдықтарды қалай сұрыптауға болады және басқа бағыттар бойынша өзгелерге білім бере алады. Жалпы, Волонтерлар жылында эко салада эко-волонтерлар санын көбейту, эко-волонтер деген кім түсініге жауап беру керек. Себебі, осыған дейін эко-волонтер деген сенбілікке шығатын адам деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан да, бұл терминнің мағынасын кеңейту керек. Елдің түкпір-түкпірінде эко-волонтерларды даярлау бойынша орталықтар ашылады. Арнайы бапкерлер экология саласына қатысты сауатты мамандарды дайындайды. Оны орталық деңгейінде ғана емес, аймақтық деңгейде іске асырады, - деді ол.