Қазақстан президенті швейцариялық әріптесінің назарын бірлесіп атқарар жобаларға аударды

24 Қыркүйек 2019, 22:49
9116
Бөлісу:
Қазақстан президенті швейцариялық әріптесінің назарын бірлесіп атқарар жобаларға аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының президенті Ули Мауермен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының алаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президенті Ули Мауермен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымда өзекті мәселелерді талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Швейцария арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

"Швейцария – Қазақстан үшін екіжақты сауда және инвестиция көлемі бойынша Еуропадағы негізгі әріптес. Біздің елдеріміз банк, құрылыс және аграрлық салалардағы жобаларды белсенді дамытып келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

п5.jpg

Қазақстан президенті швейцариялық әріптесінің назарын қаржылық қызметтер, машина жасау, химия және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, туризм салаларында бірлесіп атқарар бірқатар перспективалық жобалардың бар екеніне аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ули Мауераны биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы