Президенттің олимпиадашылармен кездесуі кейінге шегерілді

Бүгiн, 10:01
303
Бөлісу:
Президенттің олимпиадашылармен кездесуі кейінге шегерілді
Фото: BAQ.KZ -архив

2024 жылдың 14 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірақ шара кейінге шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

Уәли кеше, 14 тамызда Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.

Өздеріңізге белгілі, кеше президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына COVID диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз, - деді Берік Уәли.

Кездесу міндетті түрде өтеді және тамыз айының соңына Ақордада жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы