Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен "Байқоңыр" кешеніне арнаулы өкіл тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.
Серік Сүлейменов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1990 ж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1997 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "құқықтанушы" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1992-1997 жж. – "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның заң қызметі басшысы.
1997-2003 жж. – "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ бас директоры, "Темірбанк" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2003-2013 жж. – энергетика саласында әртүрлі қызмет атақарған: "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" АҚ президенті, "Маңғыстау электр таратушы желілік компания" АҚ басқарма төрағасы, "Қызылорда электр таратушы желілік компания" АҚ басқарма төрағасы.
2013-2015 жж. – мемлекеттік органдарда: Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің бас инспекторы.
2015-2019 жж. – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2019 жылдың 1 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы.
Мемлекеттік наградалар: "Құрмет" ордені және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының медальдары.