Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза айтқа орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрдің орынбасары Мансур бен Заид Әл Нахаян, Иордания Королі II Абдалла, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Алжир Президенті Әбделмәжид Теббун, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнус әл-Манфи, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, ИСЕСКО бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Малик және тағы басқалар құттықтады, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.