Президенттік Жастар кадрлық резервінің екі мүшесі басшылық қызметке тағайындалды

10 Тамыз 2021, 20:56
1479
Бөлісу:
Президенттік Жастар кадрлық резервінің екі мүшесі басшылық қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік Жастар кадрлық резерві бойынша тағы екі резервші қызметкер тағайындалды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

Тимур Меңдебаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Стратегиялық жоспарлау және нарықты талдау департаментінің директоры, ал Бақтияр Мұхаметқалиев «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Басқарма аппаратының Сервис жөніндегі басқарушы директоры болып жұмысқа кіріскен.

Қариннің сөзіне сенсек, осылайша, бүгінгі таңда 184 резервші жұмысқа орналастырылған. Биыл қыркүйек айында президенттік Жастар кадрлық резервінің екінші жиынына конкурс басталады.

Өзгелердің жаңалығы