Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары басталды

4 Қараша 2019, 12:34
2605
Бөлісу:
Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары басталды. 

Оқытудан прокуратура, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің 15 басшысы өтеді. ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадиев құқық қорғау органдарының кәсіби өзегін сапалы нығайтып, жаңа формацияның тиімді басшыларын дайындау контексінде Президенттік резерв институтының маңызды рөлін атап өтті. 

Курс осымен тоғызыншы рет өтіп жатыр. Алғашқы жылдары екі курстан өткіздік. Биыл бірінші рет құқық қорғау академиясының ғимаратында өтіп жатыр. Бүгінде 81 қызметкер курсты аяқтап, оның 24-і осы курстан кейін жоғары лауазымды қызметке тағайындалды. Сабақ беретін лекторлардың деңгейі биік. Сіздер кеше ғана жұмысқа келген жоқсыздар. Әрқайсыларыңыздың өмірлеріңізде, жүріп өткен жолдарыңызда біраз қызмет өтті. Сіздерден де көп нәрсені білсек, үйренсек деген мақсат бар. Ертең қызметтеріңізге пайдасы тиетіндей, бір ай бойы бірге үйреніп, бірге білім алайық, - деді Мерзадиев.  
WhatsApp Image 2019-11-04 at 12.35.50.jpeg

Алғашқы дәрісті бұрынғы ішкі істер министрі, тәжірибелі саясаткер Қайырбек Сүлейменов өткізеді. Лекторлардың арасында бас прокурордың орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев секілді жоғары лауазымды тұлғалар бар. 

Курс барысында емтихан өтеді. Тестілеуден 50 баллдан төмен жинағандарға сертификат берілмейді. 

Академияның кәсіби деңгейін арттыру институты директорының орынбасары Лязиза Адилова курс басшыларға жаңа ақпарат беріп, стандартты емес шешім қабылдай білуге, кез келген жағдайда басқаруға, креативті ойлауға үйрететінін айтты.

Академияда бірегей курс дайындалды. Мемлекеттік саясат және басқару секілді негізгі модульдермен қатар стратегиялық менеджмент пен жоспарлау, тәуекелдерді басқару, құқық қорғау органдарындағы арнайы ақпараттық технологияларды қолдану, жеке тұлғалық және көшбасшылық даму, келіссөздер жүргізу модульдері оқытылады. Оқытушылар құрамы ауқымды. Сабақтар тренинг және практика түрінде өтеді. Сабақтар 4 апта бойы сағат 9-дан кешкі алтыға дейін өтеді. Спорттық шаралар да бар, - деді ол.
WhatsApp Image 2019-11-04 at 12.35.51.jpeg

Адилова былтыр курстан өткен Берік Асылов бас прокурордың бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғанын айтты. 

Оқытудың басты мақсаты – жоғары тұрған басшы лауазымдарға тағайындау үшін қажетті кәсіби және басқарушылық құзыреттілікті жетілдіру. Жоғарғы басшы лауазымдарға орналасу үшін іріктеудің ерекше тәртібінен өткен прокуратура, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің басшылары оқытудан өтеді.

Өзгелердің жаңалығы