Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Президенттік парк аумағында контейнер мен қойма өртенді.
"Бүгін сағат 16:59 шамасында елордалық өрт сөндіру қызметінің 101 пультіне Панфилов көшесінің бойындағы Президенттік парк аумағында өрттің шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері келіп жеткенде, парк территориясындағы 40 тонналық контейнерінің және оған жалғастырылып салынған қойманың шамамен 60 шаршы метрі өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілердің кәсіби біліктіліктері мен дұрыс әрекет етулерінің арқасында өрт сағат 17:19 ауыздықталды", - делінген ТЖД хабарламасында.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Оқиға орнында 3 бірлік техника жұмыс істеп, Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 15 адам жұмылдырылды.