Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі аяқталды

9 Қазан 2023, 12:47
1258
Бөлісу:
 Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Елімізде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың бірінші өңірлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Екінші іріктеу кезеңі 20 қазанда өтеді. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептер мен лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 11(12) сынып оқушылары қатысты. 

Қатысушылардың жалпы саны – 2933 оқушы, оның 1039-ы ауыл мектептерінен келген. 

Атап өтейік, олимпиаданың әрбір қатысушысы төрт пән бойынша- математика, физика, химия, биология тапсырмаларды орындады.

Өзгелердің жаңалығы