Бұл пікірді Президент жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан демографиялық жаңару кезеңінен өтіп жатыр. Халықтың жартысынан көбі 30-35 дейінгі жастар. Бұл ұрпақ тәуелсіз мемлекетте дүниеге келген және олардың ел қалай даму керек, қандай қағидаттар үстемдік ету керек екендігіне өзіндік ой-пікірлері бар. Осындай жаңаруға деген қоғамдық сұранысты ескере отырып, мемлекеттік басқаруға қатысты да ұстанымдар өзгеруде. Бұған Үкімет деңгейіндегі жаңа тағайындаулар да мысал болады, олар жасарудың айқын тенденциясын көрсетті. Президенттік кадрлық резерв қазірдің өзінде жемісін беріп жатқанына және жаңадан тағайындалған екі министрдің оған мүше болғанына қуантады, - деді Айдар Құрмашев.
Оның айтуынша, реформалар – бізді болашақта қалаған келбетке сөзсіз алып баратын басқарушылық шешімдердің тізбегі ғана емес.
Реформалар, керісінше, қоғамның өз сұранысы негізінде үйлесімді дамудың ең тиімді жолын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Тұтастай алғанда, заңнамадағы, мемлекеттік басқарудағы және саяси тағайындаулардағы өзгерістердің бүкіл тізбегінің артында қоғам шешуші рөл атқаратын тежеме мен тепе-теңдіктің жаңартылған жүйесі бар жаңа әлеуметтік келісімшартқа қарай бірегей бетбұрыстың куәсі болып отырғанымызды атап өткен жөн, - деді сарапшы.