Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде президенттік институттың қалыптасқанына бүгін 30 жыл. Осыған орай қазақстандық саясаткер, "Интеграция" халықаралық қорының басқарма төрағасы, Сергей Терещенко пікір білдірген еді.
Президенттік институт 1990 жылы құрылды. Мен Жоғарғы Кеңесте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орынбасары болған едім. Ол бізге заң құруды тапсырды. Біз батыс елдеріне, Литва, Эстонияға сұрау салып, ол жақтан жобалар алып келіп, қоғам және мемлекеттік қайраткер, заңгер ғалым Салық Зимановтың жетекшілігімен, өзіміздің білікті заңгерлеріміздің арқасында тиісті заң жобасын жасап шықтық. Осылайша, 1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы президент болып сайлады. Ал, 25 сәуірде мені президенттің орынбасары етіп сайлады. Ол кезде осындай лауазым болған еді, – деп еске алды Сергей Терещенко.Сергей Александрович Қазақстан 30 жылда өз сүрлеуін салған, тұғыры биік мемлекет болғанын айтады.
Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы болғаны, оның 30 жылдық билігі – біздің жолымыз болғанын білдіреді. Бүгінгі Қазақ елінің жеткен жетістігі Елбасының арқасы деп білемін. Осы отыз жыл ішінде қазір бесінші дағдарыс кезеңін бастан өткеріп жатырмыз. Президенттік билік бұл дағдарысты да еңсеруге мүмкіндік береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Әбішұлы салған сара жолмен жүріп, Тұңғыш Президент қалыптастырған дәстүрді сақтап келеді. Мемлекет басшысы биліктің бар күшін қолданса, тиісті мамандарды біріктірсе, бұл коронавирус инфекциясын да жеңіп шығамыз деген ойдамын, – дейді ол.