Президенттің ұлттық аза тұту күнін жариялағаны дұрыс болды

8 Шілде 2020, 21:42
1818
Бөлісу:
Президенттің ұлттық аза тұту күнін жариялағаны дұрыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұхибек Мемлекет басшысының үндеуіне қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында өз пікірін білдірді.

Президент үндеуін тыңдап отырдым. Жүрек қатты сыздап ауырып тұрғанда, қаралы күн жариялағаны жақсы болды деп есептеймін. Бұл қаралы отбасылардың көңіліне медеу. Себебі, "өлі разы болмай, тірі байымайды" деген Ұлы сөз бар қазақта. Ал әкімдер мен министрлер міндетті түрде кеткен қателікке жауап беру керек! Президент бұл туралы қадап тұрып айтты. Ауру басталғанда маска болған жоқ. Бәрін шетелге сатып жіберген. Дәрігерлердің қорғану киімі тапшы болды. Бары сапасыз болды. Біз дәрігерлерді жауға мылтықсыз айдап салғандай болдық. Көбі індет жұқтырды, - дейді Ауыт Мұхибек.
Ол үш депутатқа хабарласып, ауылдардан бетперде мен қорғану киімін тігетін шағын цехтар ашуды Мәжілістің төрінен көтеруін сұрағанын айтты.
Құжат жиюды қоя тұрсын. Керек болса, әкімдік өзі жасап берсін құжаттарын деп. Ақша шетке етпейді, онтандық өнім өнеді. Үкімет тапсырыс беріп, өнімді сатып алсын дедім. Нәтиже болмады. Менің де сол депутаттардан есеп алғым келіп отыр.  Енді, дәрі-дәрмекке келсек, менше елімізде дәрі-дәрмек жоқ емес, бар. Тойымсыз қорқаулар қолдан тапшылық жасап, ақша тауып қалуды көздеп отыр деп ойлаймын. Тағы бір ойым, әдейі осылай істеп, халық пен билік арасын ушықтырушылар да бар ма деп күдіктенем, - дейді қоғам белсендісі.
Ол Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы тойымсыздармен күресті бастағанын, енді халық та үлес қосу керек деп отыр.
Өзгелердің жаңалығы