Президентке Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды

8 Желтоқсан 2021, 10:10
1410
Бөлісу:
Президентке Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.


Өзгелердің жаңалығы