Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президентке елордадағы өндірістік жобалар таныстырылды

Бүгiн, 12:35
113
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа винилді гипсокартон панелін шығаратын «Гипсовинил», өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері көрсетілді.

Сондай-ақ көрмеде «Астана электротехника зауытының», «Арыстан» Астана құбыр зауытының», құрылыс және жол химиясына маманданған ARGP кәсіпорнының қызметі жөнінде мағлұматтар ұсынылған.

Бұдан бөлек, Президентке мемлекет-жеке меншік серіктестік қағидаты бойынша пайдалануға берілетін №2 Индустриалдық паркінің даму перспективасы жайында баяндалды.

Аталған алаңда жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын және 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 100-ден астам жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымды ілгерілету бағытында белсенді жұмыс атқарылуда. Соның ішінде «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағында логистикалық парк құрылатын болады.

Астананың жалпыұлттық пулы аясында 1,9 миллион теңгеге 120 жоба жүзеге асырылады. Осы арқылы 22 мыңға тарта жұмыс орнын ашу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы