Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Жолдауында министрліктердегі жауапты хатшылар институтын қысқартуды тапсырды, деп хабарлады BaigeNews.kz.
Осы орайда 15 адам лауазымынан айырылады:Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Арман Жұмабеков.
Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қанат Сәрсембаев.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов.
Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Берікбайұлы.
Ауыл шаруашылығының жауапты хатшысы Марат Оразаев.
Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы Жәнібек Гупиров.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева.
Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Айдын Ашуев.
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы Әнуар Ахметжанов.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауаптшы хатшысы Сәбит Нұрлыбай.
Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы Талғат Момышев.
Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Азамат Әмірғалиев.
Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Әркен Өтенов.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пшембаев.
Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Әсем Нүсіпова.
Жауапты хатшы лауазымы «А» корпусына жатады. Жауапты хатшы мемлекеттік қызметкер болып есептеледі және ерекше мәртебеге ие. Оны Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің ұсынуымен және премьер-министрдің мақұлдауымен тағайындайды және қызметінен босатады. Айта кетейік, 2017 жылы жауапты хатшының жалақысы 685 теңгені құрайтын.
Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты 25 пайызға қысқартуды тапсырды.