Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы туралы пікірімен бөлісті.
Мемлекет басшысының халыққа жолдауы әрқашан маңызды оқиға. Ол елдің болашақтағы дамуының негізгі векторларын анықтайды. Біздің Сауда министрлігі үшін Жолдаудағы ең басты назар аударатын тапсырма: «Үкімет үшін әлемдегі жағдайды ескере отырып, инвестицияларды тарту және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа іргерілету жөніндегі жұмысты басымдыққа айналдыру». Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптік әлеуетті арттыру, агроөнеркәсіпті ашудың алғышарты - қазақстандық тауарларды экспортқа шығару болды. "Үкімет үшін стратегиялық маңызды өндірістерді экспортқа шығуға бағыттау қажет, стратегиялық жобалар үшін заттай гранттарды, жеңілдікті қаржыландыруды, ішінара кепілдендіруді, экспорты қолдау жобаларын ұсынуды және де ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын екі есеге арттыруы көзделуде...» - деді Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуына қарағанда жоғарыда айтылған сөздің бәрі - сауданың ел экономикасының өсуінің ең басты көтсеткіші екендігін білдіреді.
"Еңбек еткен-озар" - дегендей еліміз өңделген тауарларды сыртқы нарыққа неғұрлым көп шығарып,өнеркәсібізді өрлетсек, соған сәйкес экономикамыз соғұрлым өркендейді. Сондықтан, біз экспортты әртараптандырудың және тауар құнына қосылымды жоғары ғана емес, сонымен бірге тұрақты сұранысқа ие тауарлар өндірісіне көшудің маңыздылығын айтып отырмыз. Біз жақында ғана сауданы дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы бойынша жұмысты аяқтадық. Қазіргі таңда құжат Ұлттық Жобаға дейін кеңейтіліп, қарастырылатын болады. Сондықтан мен бизнес-қоғамдастық өкілдеріне айтарым: осы жұмысқа қосылып ұсыныстарыңызды айтсаңыз болады. Бизнестің көптеген бастамалары құжатқа енгізілген болатын, алайда Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан кейін жаңа идеяларға серпін беретініне сенімдімін - дейді министр.